Шымкенттіктер Қытайдың экономикалық және технологиялық даму аймағымен танысты

Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді.  Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары жасалады. 

Күзде Шымкент-Сиань бизнес форумы өтпек

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков   Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Шымкент әкімі Қытайға жұмыс сапарымен барды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков   жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды. Сиань - әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. 

Шымкенттік делегация Худжантта өтетін халықаралық сауда жәрмеңкесіне қатысты

17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. 

Түркістанға Корея инвестициясын тарту жөнінде маңызды келіссөз жүргізілді

Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді.

Түркістан: Дархан Сатыбалды жас кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Түркістандағы өндірістік паркке 100 млрд. теңгеге жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған.