Түркістан қаласы: кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесіне арналған келелі жиын өтті
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуға кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандар және кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде алғашқы болып «Belqoitas» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру және жер қойнауын барлауға рұқсат алу кезіндегі әкімшілік кедергілер туралы мәселесі қаралды. Кәсіпкерлік бөлімі өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкер Жандос Амантайдың мәселесін зерделеу үшін жауапты мамандарға тапсырма берілгендігін мәлімдеді.