Шымкентте креативті шеберлер өз туындыларын таныстырды
Шымкент қаласында креативті индустрия өкілдерін қолдауға арналған ерекше іс-шаралар легі жалғасуда.
Шымкент қаласында креативті индустрия өкілдерін қолдауға арналған ерекше іс-шаралар легі жалғасуда.
Импорттық өнімге басымдық беріліп, отандық өнімге қолдау азайған. Шымкенттік кәсіпкерлер өңірге іс сапармен келген Қазақстан Республикасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Қанат Нұровқа бизнесте орын алып жатқан проблемаларды жеткізді.
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынуда.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы баяндама жасап, бірқатар жетістіктер мен жобаларды таныстырды.
«TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылды.
Бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді.
Түркістан қаласында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысып жатыр.
Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN - 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. «Керуен сарай» туристік кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шарада асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.