Нысанды аралау барысында аудан әкімі өндіріс процесін көріп, өнім сапасына жоғары баға берді. Кәсіпкермен сұхбат барысында Арман Абдуллаев цех ұжымына сәттілік тілеп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
-Кәсіпкерлікті дамыту — ауданымыздың басты басымдықтарының бірі. Осындай шағын және орта бизнес нысандарын қолдау арқылы біз экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасаймыз,-деп аудан басшысы кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.
Цех — жергілікті кәсіпкерлік субъектілерінің бірі ретінде аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып отырған өндірістік нысан. Мұнда қазіргі заманғы технологиялар негізінде жоғары сапалы пластик есік пен терезелер дайындалады. Цехта жергілікті 15 тұрғын жұмыс істейді. Тәулігіне қуаттылығы 12 тоннаны құрайды. Өнім Қазақстан республикасының аумағында ғана емес,Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне де тасымалдануда.