ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Шымкент қаласында посткеңестік елдер арасында ең ауқымды заманауи жылыжай кешені бой көтеріп жатыр. Бұл жоба түркиялық «Alarko Holding» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда. Қазақстандағы филиалы «Alsera KZ» ЖШС ретінде тіркелген компанияның жалпы инвестиция көлемі 650 миллион АҚШ долларына жетеді.