Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларға Түркістан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін таныстырды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытай Халық Республикасының «Silk Road Construction and Development Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында қалада іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты.

Созақ ауданы: Шу өзені суының көлемін арттыру мәселесі талқыланды

Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Созақ ауданы: Құмкентте «Жылыбұлақ» каналы толықтай іске қосылып, ағын су мәселесі шешімін тапты

Өткен жылы Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, бүгінде канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын суландыру мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДИЗАЙН КОДЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.

Түркістанға келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді

Түркістан қаласындағы «Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс тұрғындары мен саяхатшылар қатысты.