Түркістан облысы: Түлкібас, Төлеби аудандарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 28 млрд теңгені құрады

Түлкібас ауданы, Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд 924,2 млн теңгені құраған. Егін шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда биылғы жылы нақты егіс көлемі 65901,3 гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1309 га артып отыр.

Түркістан облысы: Төлебилік қаржыгерлер құрметке бөленді

Бүгін Төлеби аудандық мұражайында Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіптік мерекесі аталып өтті. Іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбев, мәслихат депутаты Сайлау Құлманов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансур Ашрапов және Төлеби ауданындағы қаржы саласының қызметкерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданында жылына 3 рет өнім алу жобасы диқандардың қызығушылығын тудырды

Бүгін Келес ауданының Жолбасшы елді мекенінде орналасқан «Ерболат» шаруа қожалығында техника ғылымдарының кандидаты, ғалым, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ауыл шаруашылығын механизациялау және автоматтандыру ғылыми орталығының директоры Бердияр Қалымбетов аудан шаруаларына Келес ауданы жағдайындағы ылғалды-ресурс сақтаушы технология үшін машиналар кешенін әзірлеу мен жасау есебінен жаңа, ғылыми технологиялық және техникалық шешімдер негізінде жылына 3 рет өнім алудың агротехникалық іс-шараларын жүзеге асыру жолымен көкөніс өндіруді қарқынды дамыту бағдарламасымен таныстырды. 

Түркістан облысы: Кентауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Кеншілер шаһарында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» шарасы өтті. Жәрмеңкеде ауылшаруашылығы өнімдері сатылымға шығарылып, арзандатылған бағада жәрмеңкеге келген қонақтарға жол тартты. Мұндағы тауар нарқы базар бағасынан 10-15 теңгеге арзан. Мұнда Кентау қаласына қарасты ауылдық округтердің шаруақожалықтары өнімдері тұрғындарға ұсынылды. 

Түркістан облысы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жағынан елімізде алғашқы орында

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі жағынан республика бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрады

Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Бүгінде Түркістан өңірінде 70 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Облыста егістік алқаптары ұлғайтылып, егісті әртараптандыру мақсатында мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп отыр.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында демеуші есебінен жаңа білім беру орталығы ашылды

Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан ауданда заман талабына сай, жаңа, сәнді ғимараттар бой көтеріп, аудан көркіне көрік қосып, уақыт өткен сайын ажарлана түсуде. Осы мақсатта ауданға қарасты Түлкібас кентінде жеке кәсіпкер О.Байсеріковтың қаржыландыруымен білім, спорт, өнер және тәрбие салалары бойынша қосымша білім беретін орталық ашылып, халық игілігіне берілді.