Түркістан: Төлеби ауданында бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалған
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Мәжілісте ауданның 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы айтылды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ашрапов Мансурбек Жаналиұлының мәліметі бойынша Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің 9 айдағы жоспары 868,4 млн теңге болса, нақты түскен 907,3 млн теңге немесе жоспар 38,9 млн.теңгеге артығымен орындалып 104,5 пайызды құрап отыр.