Төлеби ауданында саумалмен емдейтін шипажай ашылады

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары барысында Екпінді елді мекеніндегі саумалмен емдейтін шипажай құрылысымен танысты. Аталған нысан құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталып, 2020 жылдың маусым айында аяқталады,-деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.




