Түркістан облысында су шайған көпірлер қалпына келтірілді

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ.

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ.
Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал мен Жетісай аудандарында 130 шақырымдық жол жөнделуде. Ауқымды жұмыстар аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы аясында атқарылуда.

Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал: Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді,-деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Республика бойынша ең ірі "Асыл тұқымды шарушылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативімен танысты.Бүгін ешкі сүтін өндіру және өңдеумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған кәсіп түрін дамытудың жолдарын талқылап, бір қатар тапсырмалар берді.

Су тасқыны кезеңінде Шардара ауданының халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында, 2020 жылы мамыр айының 6 жұлдызы күні Шардара ауданы әкімі аппаратының, Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің, РМК ОҚФ «Қазсушар» «Шардара су қоймасы» өндірістік бөлімше, Шардара тоғанының және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мамандарының катысумен Шардара, Арнасай тоғандарына (визуальный осмотр) зерттеу жүргізілді.

Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр.