Жексенбі, 29 Маусым 2025 18:57

Облыс орталығы атанған 7 жылда Түркістан қаласында өнеркәсіп орындарының саны едәуір арта түскен

Осы маусым айында Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл толды. 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті.

Кезінде тек қазақ халқының емес, түркі әлемінің рухани ірі орталығы болған Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекетіміз үшін өте маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойып, шаһарды, өңірді дамыту міндетін жүктеді. Мемлекет тарапынан Түркістанға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім бар. Аймақта жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 452,6 млрд. теңгені құрап, 22 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімі көлемі 34,8 млрд. теңгеге жетіп, 107 пайызға орындалды. Инвестиция көлемі 400 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға артқан. Өзіндік кірістер 59,4 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға ұлғайды. Салықтық түсімдер 39 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға артты. Түркістан қаласында өндіріс орындарын ашу, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, инвестиция тартуға басымдық беріліп, тиісті жұмыстар жалғаса түсуде.

Экономика демекші, Түркістан қаласында өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді. Бүгінде қаладағы 180 гектар аумақта Арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Одан бөлек, 190 гектар жерде Индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл аймақта 10,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында бетон бұйымдарын жасау, есіктер шығару, битум өндіру, жұмсақ жиһаздарды жасау, әк өндіру сияқты жобалар бар.

Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған. Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.

Жалпы, Түркістанды әлеуметтік-эконо­микалық дамытудың 2021-2025 жылдарға ар­налған кешенді жоспарына сай облыс ор­та­лығында «Түркістан-арена» стадио­ны, көпбейінді «Олимпик» орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт ке­шені, «Тұран» футбол академиясы­ның ғи­мараты бой көтерген. Сонымен қатар 7 тен­нис корты салынып, жалпы ұзын­­ды­ғы 51 шақырым веложол төселген. 

Түркістанда инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK Turkistan» өндірістік паркі бар. Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бастапқыда жалпы құны 96,9 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде инвестиция көлемі 36,5 млрд теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түркістандағы көкөніс сақтау қоймасы 3,5 мың тонна көкөніс пен 500 тонна бакалея өнімдерін сақтап, Түркістан, Кентау және Арыс қалаларын маусымаралық кезеңде азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Жобаны «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «М-Адал» компаниясы жүзеге асырған. Сондай-ақ, жаң­быр­латып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» серіктестігінің өндіріс цехы жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK Irrigation» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан. Келесі кезекте тамшылатып суару қон­дырғыларын шығаратын екі зауыт ашуды көздеп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл 2030 жылға дейін облыста 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.

Білім беру мекемелеріне арналған жиһаз шығара­тын «Аqniet Holding» компаниясы кейінгі үш жылда 50-ге жуық мектепті жабдықтаған. Мұнда «Жайлы мектеп» стандартына сай жиһаздар, «KazMedPribor» компа­ния­сымен бірлесіп, медицина мекеме­леріне арналған жабдықтар жасалады.

Тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіре­тін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорны­ның өндіріс алаңы өз алдына бөлек әңгіме. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан болгариялық «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 млн еуро көлемінде қаржы құяды. «SPK Turkistan» аумағындағы өндіріс алаңында 350-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ал «Тұран» арнайы эконо­микалық аймағында іске қосы­латын екінші зауытқа 7,5 млрд теңге инвестиция салынады. Нәтижесінде, айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Тағы бір өндіріс орны - «Turan Su» мекемесі.  2019 жылы құрылған кәсіпорынның негізгі міндеті – мемлекет меншігін­дегі ирригациялық жүйелер мен гидрология­лық құрылыс жайларын күтіп ұстау, жөндеу және реконструкциялау, елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету. «Turan Su» басшылы­ғы жұмысты тиімді ұйымдастырып, та­бысты еселеу арқылы қосымша инвести­ция­лық жобаларды жүзеге асыра бас­таған. Атап айтқанда, былтыр кәсіпорын индустриялық парк аумағында жылына 9 мың гектарға тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты. Келешекте кәсіпорын суару жүйелеріне арналған параболалық науалар өндірісін жолға қоймақ.

Өңір экономикасының дамуына тың серпін беру үшін Түркістан облысында 2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 трлн теңге болатын 145 инвес­тициялық жобаны жүзеге асыру – басты мақсаттардың бірі. Нәтижесінде, 20 мың­нан аса жаңа жұмыс орны пайда болады. Бұған қоса ірі жобалардың қатарында қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысының, 800 МВт күн және жел электр станса­ларының, Түркістан қаласындағы бес жұлдызды қонақүйдің құрылысы, дрон және бейнебақылау камералары, газ қазандықтары, тұрмыстық техника, тау-кен және металлургия кешеніне арналған құрылғылар, алюминий бұйымдар өндірісі секілді маңызды бастамалар бар.

Об­лыс­та ауыл шаруашылығы дақылдары­ның өнімділігін арттыруға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, жылыжайларды көбейтуге және инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыруға ден қойылмақ. 2030 жылға қарай өңірде суармалы жерлердің 40 пайызына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, аумағы 602 гектарды құрайтын жаңа жылыжай кешендері іске қосылады. Сонымен қатар алдағы үш жылда 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Түркістан облыс орталығы болған уақыттан бері біраз өзгерістерді бастан кешіп, қаланың көркін арттырар ауқымды құрылыс нысандары салынып, дамудың жаңа кезеңіне беттеп бара жатқаны сөзімізге дәлел. Жаңа Түркістан мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік бөліктерден тұратынын ескерсек, тарихи-мәдени құндылықтарды бойына сіңірген қала болғандықтан қаланы дамыту жобалары жергілікті аймақтың ерекшелігі мен ондағы қалыптасқан дәстүрге негізделуі тиіс.

Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құраған. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4%-ды құрап, 452,6 млрд.теңгеге жетті. Сондай-ақ, қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы - соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.

Жергілікті инвесторлар тарапынан қала аумағында – жалпы құны 351 млрд. теңге болатын және 3 920 жоспарлы жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 233 әр түрлі саладағы инвестициялық жобаның пуллы қалыптастырылып, іске асырылуда. Одан бөлек, Түркістан қаласына жаңа инвестициялық жобаларды тарту мақсатында жалпы құны 37,6 млрд. теңге болатын және 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құратын шет елдік 26 ірі инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері құны 6,6 млрд.теңге болатын және 160 жаңа жұмыс орнын құратын 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. (Тұран Мебель БК ЖШС, Қазақстан Нұр 001 ЖШС, Гранд Строй Каз ЖШС, Мырза ШҚ, Арыстанбаева ЖК).

Қазір ел аумағындағы туризм жайлы сөз қозғағанда бірден Түркістанның ойға оралатыны анық. Себеб, құрылғанына 7 жыл толған өңірде дәл осы саланы дамытуға айрықша басымдық берілген. Оның үстіне алдыңғы жылдың соңында тарихы тереңге бойлаған Түркістан шаһары «Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» атанған болатын. Бұл жаңа келбетке ие болған қалаға ғана емес, тарихи-мәдени мұраға бай, табиғаты тұмса тұтас өңірге де ерекше ықпал ететіні белгілі.

Ендігі жерде Түркістанда туризм саласы қалай өркендеп жатыр деген сауалға жауап іздеп көрсек. Осыдан жиырма бес жыл бұрын бір жарым мың жылдық мерейтойын атап өткен көне шаһар бұрыннан ілім-ғылымның, руханият пен мәдениеттің, сауда-саттық пен саяхатшылардың нағыз ордасы болған. Өңірдегі жүздеген тарихи мұраларды айтпаған күннің өзінде, Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі-ақ күллі адамзат үшін баға жетпес жәдігер болып саналады. Дегенмен, Түркістан өңірі бұл деңгейде тоқтап қалмай, күн сайын заман талабына сай өркендеп келе жатыр десек, қателеспейміз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан қаласы былтыр ерекше туристік мәртебеге ие болса, биыл нааурыз айында Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осыған сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтап қалу үшін Түркістан қаласының аумағында тарихи нысандарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кесенені қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және оның шекарасынан 100 метр қашықтықта ауқымы, түсі мен құрылыс материалдары бойынша ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға рұқсат етілмейді.

Шаһар аумағында археологиялық ескерткіштердің резерваты құрылады. Қалада жайлы орта құру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағытқа айналады. Бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қаланы қолайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістанның әкімдігі мен мәслихаты қосымша өкілеттікке ие болады. Сол арқылы шешімдерді қабылдау үдерісі жеделдейді, тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бақылау күшейеді және қаланың бірыңғай дизайн коды енгізіледі. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнер шеберлерін қолдауға, көлік транзитін реттеуге және қаланың тарихи бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.

Түркістан қаласында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, туристерге жайлы жағдай жасау арқылы 4 жыл ішінде келушілер саның бір миллион адамға жеткізу көзделген. Ең бастысы – өңірдің туристік деңгейін көтеру, салаға инвестиция тарту, эко-туризмді өркендету және емдеу-сауықтыру саласын ілгерілету бағыттарына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс көлемінде былтыр қырықтан аса іс-шара өткізілді. Жыл басында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс орталығының тағы бір туристік ғимаратпен толығатынын хабарлады. Ол бірнеше қонақүй мен дәмхана және көрме орталығы орналасатын, жиырмадан аса шеберге арнайы шеберхана берілетін қолөнершілер қалашығы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Түркістан мен Әбу-Дәби арасында бағасы қолжетімді әуе рейсі ашылды. Аптасына бірнеше рет қатынайтын бұл рейстің де өңір туризмі мен экономикасына айрықша үлес қосатыны сөзсіз. Тиісінше, туризмді өңірлік деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік ол болмақ. Осы рейс ашылғанда облыс әкімінің орынбасары Түркістанға келушілер саны жылына бір миллион адамға жеткенін, аталған салаға бес жыл ішінде 356 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, облыс орталығында жаңадан қырыққа тарта қонақүй салынғанын атап өткен еді.

Түркістан өңірінде емдеу және сауықтыру туризмі де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге көтерілген. Оның басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқаны да көпшілікке мәлім болар. Енді Сарыағаштың курорттық аумағы одан сайын дами түспек. Бүгінде аталған ауданда жетпістен астам емдеу-сауықтыру орталығы мен алпысқа жуық шипажай халыққа қызмет көрсетіп жатыр екен. Алдағы уақытта осы орталықтарға Түркістандағы туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері жұмысқа тартылмақ. Одан да өзге жұмыстарға басымдық берілетін болады.

Өңірдің туризмін шет мемлекеттерге таныстыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Мысалы, былтыр наурыздың басында Берлин қаласында өтетін дәстүрлі ITB Berlin 2024 көрмесіне түркістандықтар да қатысып қайтты. Делегация құрамындағы белді ұйымдардың өкілдері өңірдің туризмінен хабар беріп, туризм саласының әлеуеті жайлы түсіндірген. Сонымен бірге, Самарқандағы форумға да, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуына да Түркістан облысының өкілдері қатысты. Қазір Түркістан қаласында туризм бағытын ілгерілетіу үшін түрлі бастамалар қолға алынған. Жаңадан салынып жатқан нысандардың келбетіне, идеологиялық мәніне, сапасына қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Соның арқасында сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес, өңірге табан тіреген шетелдік қонақтардың саны едәуір көбейген. Алдыңғы жылы облыс көлеміндегі туристік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында 10,6 миллиард теңге бөлініп, жеті жоба аске асырылған. Ал, 2024 жылы бұл бағытқа 17,6 миллиард теңге, қаралып 19 жоба жүзеге асырылды. Алдыңғы жылы облыстағы туризм саласына 53,5 миллиард теңге инвестиция салынып, жиырма бес нысан іске қосылып, 350-ден аса жұмыс орны құрылған. Ал, былтыр құны 20 миллиард теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның жұмысы басталып, 500-ге жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ірі жобалардың қатарында жоғарыда аталған Қ.А.Ясауи кесенесі аумағындағы «Күлтөбе» қалашығы да бар. Облыс орталығында көлемі 11,8 гектарды құрайтын аумаққа аквапарк, вилла бой көтеретін 5 жұлдызды қонақ үй салу да көзделіп отыр. Аталған жобаның құны жүз тоқсан миллион АҚШ доллары. Одан бөлек, ұлттық спортқа қызығушыларды тарту үшін жүз гектарға жуық аумаққа атшабар салынбақ.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы тарапынан туризмді 3 бағытта кластерлік дамыту ұсынылды. Біріншісі – Түркістан қаласындағы, Отырар, Сауран және Бәйдібек аудандарында орналасқан тарихи нысандарды қамтитын тарихи-танымдық туризм кластері. Екіншісі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Түркістан қаласы маңындағы Жетікөлді қамтитын экологиялық белсенді туризм кластері. Үшіншісі – Сарыағаш, Арыс, Манкент курорттық аумақтарын қамтитын емдік туризм кластері. Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласына келушілер ағынын арттыру және туристердің болу ұзықтығын ұлғайту мақсатында қаланың төңірегіндегі 60 шақырым радиуста орналасқан туристік нысандарды дамыту және қала аумағында аталған нысандар бойынша ақпараттар орналастыру керек.

Нысандардың инфрақұрылымын жетілдере отырып, жаңа туристік бағыттар ашу жоспарлануда. Ақмешіт үңгірін туристификациялау да маңызды мәселе. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үңгір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда үңгір орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару мәселесі қарастырылуда. Бұдан әрі үңгір айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бәйдібек ауданындағы туристік орындарға келушілердің көптігіне қарамастан мемлекетке ешқандай түсім алып келмейді. Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қос ана секілді кесенелерден түсетін табыс жоқ. Осыған орай, Бәйдібек ауданы әкімдігіне заңнама талаптарына сәйкес Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қос ана кесенелеріне кіру бағасын белгілеу жөнінде ұсыныс беріліп отыр.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі көптеген саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.

Шавгар – Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынғаннан кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап, Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылдан бастап, Қазақ хандығының астанасы деп танылды.  Бүгінде Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінде қазақтың небір хандары мен билері жерленген.

Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді. Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді.  Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхат- тауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орын дары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризм ге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Туризм саласының төмендегідей экономикалық функцияларын атап өтуге болады:

– туризм саласы экономиканың басқа сала ларына қарағанда салынған капиталдарды тез арада өндіріп алуға мүмкіндік береді

;– экономиканың өзге түрлерінен гөрі өнімділік деңгейі жоғары болып келеді;

– туризмге салынған инвестиция аймақтық экономикаға және мемлекеттік экономикаға да оң әсерін тигізеді;

– туризм саласы еңбек күшіне негіздел- гендіктен, жұмысссыздық мәселесін шешуде өте маңызды;

– туризм аймақтық және мемлекеттік инфрақұрылымды дамытады;

– халықаралық туризмнің дамуы дамыған елдерден дамушы елдерге қарай ақша ағынын тудырады;

– табиғи ресурстар туризм саласының негізгі қайнар көзі болғандықтан, туризмді да мыту үшін табиғи ресурстарды қорғау және да мытуда көп жұмыстар атқарылуда. Яғни туризмі дамыған елдің табиғаты да жақсарады;

– туризмнің әсерінен елдің әлеуметтік және мәдени байлықтарына назар аудартады және да мытады.

Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласы на және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады. Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр. Архитектуралық бағытта қаланың алып жатқан аумағын үш аймаққа бөлуге болады:

• Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражайлық кешен төңірегіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер;

• әкімшілік, орталық алаң, мейманхана лар мен мейрамханалар орналасқан әкімшілік орталық;

• Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың негізгі оқу, ғылыми орталықтары мен қосалқы оқу кешендері және мәдени орталықтары орналасқан ғылыми-ағартушылық аймақ.

Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болу ына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін айтуға болады.

Жылына келіп жатқан туристерге сапалы қызмет көрсететін мүмкіндік жасасақ, бұл қаланың экономикасына түсетін қаражат көлемі көбейе түсер еді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуы на қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.

Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 55 рет