Сәрсенбі, 28 Мамыр 2025 11:05

Түркістан: Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиясы енгізілмек

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Естібаевтың тапсырмасымен ауыл шаруашылығында суды үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне арналған жиын өтті.

 

Аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ғани Құрманбайдың төрағалығымен өткен басқосуға ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары, ауыл шаруашылығы мамандары және “BNK Group” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сату маманы Сәбит Өтегенұлы қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе «Аудан аумағында су үнемдеу технологиясын енгізу» бойынша ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қуатбек Еркебаев баяндама жасап, су тапшығынан құтылудың ең тиімді жолы елімізге келіп жатқан жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану екенің атап өтті.

“BNK Group” өкілі Сәбит Жапархан су ресурстарын тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері яғни, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару сынды технологиялар жайында кеңінен түсіндіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында аудандағы егістік алқаптарда су тапшылығын болдырмау, жергілікті шаруаларға қолдау көрсету және үнемді технологияларды кезең-кезеңімен енгізу жолдары талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Тұрысқылұлы су үнемдеу – тек ауыл шаруашылығы үшін емес, жалпы экология мен экономиканы тұрақты ұстаудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, пилоттық жобалар қаралды.

Жиын соңында қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.

Жалпы ауданда барлық егістік жерлер 64448 гектарды құраса, оның ішінде суармалы жер көлемі 13613 гектар алқапты алып жатыр. Бірақ, барлық жер телімдеріне ағын су тасмалданбайды. Яғни, шартты суармалы жерлер болып табылады.

Оқылды 34 рет