Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025 11:54

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Сауран ауданында ауыл шаруашылығына ірі инвестиция тартылып, мақта өндірісіне жаңа технология енгізілмек. Шетелдік инвестор «Turkistan Golden Cotton Ageralular technology Co.Ltd» компаниясы жергілікті «ИС Жангир» ЖШС-мен бірлесіп, жер телімдерін ортақ пайдалану туралы келісім жасады.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров шетелдік инвесторлармен жер телімінің басында кездесіп, олардың алдағы жоспарларын тыңдады. Жоба аясында мақта егісі заманауи тамшылатып суғару әдісімен жүзеге асырылатын болады. Жалпы жоба құны – 7 млрд теңге. Алғашқы бес жыл ішінде мақта өсіруге арналған жер көлемін 1000 гектардан 12 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Өндірістік қуаттылығының бірінші кезеңінде 50 мың тонна мақта өнімін шығару көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта екі тарап келісімшартқа қол қойып, іске кірісіп кетті. Мақта өсіру базасына жұмысшыларға арналған контейнерлер жеткізілді, ал жер өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба аймақтың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және мақта өндірісінің сапасын арттыруға үлкен серпін бермек.

Осы тұста айта кетсек, өткен жылы облыс әкімдігі мақта-тоқыма кластерін салу жобасын әзірледі. Ол толық іске асырылған жағдайда өңірде 75 зауыт, кәсіпорын және фабрика салу есебінен 9 мақта тоқыма кластері құрылатын болады. Күтілетін нәтиже – 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, бюджетке жыл сайын шамамен 26,2 миллиард теңге түсім. Жобаны толық іске асыру үшін инвестициялық субсидиялар қажет. Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Global Textile компаниясымен тоқыма кластерін құру жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда. Компания облыста тоқыма бұйымдарын өндіруді жолға қоюға ниетті.Сондай-ақ отандық тоқыма кәсіпорындарын қолдау үшін әкімдік мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды ұсынды. Содан кейін қорғаныс, білім беру, медициналық, теміржол және басқа салалардан тоқыма өнімдеріне сұраныс отандық өнімдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Елде тоқыма, тігін өнеркәсібімен қатар жергілікті тұқым шаруашылығын дамыту да мақта саласын толыққанды дамыту үшін қажет. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын тұқыммен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинның айтуынша, мақта шаруашылығы саласының мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелер және т. б.) саланы қолдау бойынша шаралар қабылдануда.  «Ірі түрік мақта тұқымын өндірушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша 1000 тонна элиталық тұқым жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, алайда фермерлер оларды толық сатып алған жоқ. Ел аумағында халықаралық талаптарға жауап беретін сипаттамалары бар мақта сорттарын өсіру үшін түрік селекционерлерімен бірлесіп 37 мақта сорты егілді. Бұдан басқа, субсидиялау қағидаларына фермер мен зауыт арасындағы шарттар негізінде субсидиялар алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізілді», — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 

Сондай-ақ мақта тұқымын субсидиялау нормативтерін арттыру мәселесі шешілу сатысында тұр. Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасы әзірленді, онда элиталық мақта тұқымдары бойынша нормативтерді қазіргі 300 мың теңгеден 653,1 мың теңгеге дейін көтеру көзделеді, бұл — сапасы жоғары импорттық тұқымдардың қазіргі құнының 70 пайызы. 

Кеңес қорытындысы бойынша министрлікке Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда мақта шаруашылығының тұқым шаруашылығымен айналысуға қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды көздеу тапсырылды. Атап айтқанда, отандық тұқым өндірісін субсидиялауды 80 пайызға дейін ұлғайту, түрік тұқымына ұқсас тұқым сапасының стандартын әзірлеу. Болашақта мемлекет қызметі белгіленген стандарттарға сәйкес келетін фермерлік шаруашылықтарға қолдау көрсететін болады. Түркістан облысының әкімдігі мақта саласын дамытудың және мақта кластерін қолдаудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Өнеркәсіп министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар өнімділікті арттырып, ылғалдың сақталуына оң әсер ететін мақта шаруашылығында топырақтың лазерлік жоспарлағышын пайдаланудың табыстылығын ескере отырып, АӨК нысандарына осы техниканы сатып алуға өтемақы үлесін ұлғайтуды қарастыру туралы шешім қабылданды.

Осы ретте назар аударар тағы бір жайт, алдыңғы жылдың басында Түркістан облысының сол тұстағы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған.

Сонымен, алдағы жылдары мақта кластерін дамыту келесі көрсеткіштерге қол жеткізіледі деген меже бар: Тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, мақта талшығының бағасы Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді болып отыр. Елде мақта талшығын терең өңдейтін 3 кәсіпорын бар («Azala Textile» ЖШС, «Azala Cotton» ЖШС, «Ютекс-KZ» АҚ). Бүгінгі таңда тек 2 кәсіпорын жұмыс істейді, облыста өндірілген мақта талшығының 18 пайызға жуығы қайта өңделеді. Бұл ретте мақта кластерін дамыту үшін 5 жылда Мақтаарал, Ордабасы, Сауран, Шардара, Жетісай аудандарында 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу көзделуде. Нәтижесінде, мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға ұлғайтылатын болады. Қазіргі таңда, жалпы құны 22 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны мемлекеттік жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен несиелендіру жөнінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізілді.  

Осы орайда Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде «Global Textile» компаниясымен тоқыма кластерін құру жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда. Компания облыста тоқыма бұйымдарын өндіруді жолға қоюға ниетті. Мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамытуға күш салынған. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады.

Мақта шаруашылығы саласының проблемалық мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелік ресурстар және т.б.) саланы қолдау үшін шаралар қабылдануда. Түркияның мақта тұқымын өндіруші ірі компанияларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 1 мың тонна элиталық тұқым жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Наманган – 77» тұқымдық шиті сынама ретінде егілді. Алайда фермерлер жаңа тұқымын ауыстыруға асықпай отыр.

Шаруалармен кездесуге келген Global Textile компаниясының өкілі зертхана нәтижесімен бөлісті. «Наманган» мақтасы еуропалық сынамалардан өткен және барлық талаптарға сай. Сапа артпай, сұраныс өспейді. Сондықтан болашақта мемлекет қызметі белгіленген стандарттарға сәйкес келетін фермерлік шаруашылықтарға ғана қолдау көрсетеді. Мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Біз үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие.

Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленген. Ос іске асқанда 75 кәсіпорын салынбақ. Жобаны толық іске асыру кезінде 41,9 мың жаңа жұмыс орны құрылады, жыл сайын бюджетке түсетін түсімдер сомасы 26,2 миллиард теңгені құрайды. Жобаны толық іске асыру үшін инвестиция қажет. Осыған байланысты мақта-тоқыма кластерін құру бойынша салалық бағдарлама қабылдау жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізілген. Оған қоса, мақта алқаптарын қысқарту, егістікті әртараптандыру бойынша да жұмыстар басталған. Жүгері, маш өнімін егуге ұсыныс берілген. Бүгінде диқандар бұл бағытта да жұмыс жүргізуде. Сарапшылардың айтуынша, аталған дақылдардан түсетін табыс мол әрі сұраныс та жоғары.

Өсімдік шаруашылығына берілетін субсидиялар

Өсімдік шаруашылығына субсидиялар келесі бағыттар бойынша беріледі:

басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiру,

тұқым шаруашылығы,

тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштар кірмейді),

зиянды организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған биологиялық агенттер мен пестицидтер.

Әр аймақтың өз басым дақылдар тiзбесі және әр жыл сайын нақтыланатын субсидия нормалары бар. Басым дақылдардың тiзбесі мен нормаларын білу үшін, өзіңіздің қалаңыз бен ауданыңызға қарау керек. Тұқым шаруашылығына арналған субсидияны түпнұсқа тұқым өндірушілер, элит тұқым және тұқым шаруашылықтары, ауыл шаруашылығында тауар өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері толық бағамен сатып алынған тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагенттер үшін ала алады. Тұқымға арналған субсидиялар егіннің түріне байланысты: түпнұсқа тұқымнан бидай өсіретін болсаңыз, 166 000 теңге сұрай аласыз, ал бұршақ өсірсеңіз, 171 500 теңге субсидия сұрай аласыз.

Ауыл шаруашылығы өндірушілер суаруға субсидия ала алады. Субсидия мөлшері сатып алынған суармалы судың текше метрі мен тарифтердің пайыздық қатынасына байланысты болады. Күріш дақылдарына ол ҚҚС-сыз тарифтің 50% құрайды, басқа ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сараланған түрде белгіленеді. 

Сондай-ақ, фермерлер егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын ала алады. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егіс көлеміне қарай автоматты түрде есептеледі. Фермер тек егінін растап, оператор таңдайды да, электронды қолтаңбамен өтінішке қол қояды. Әр оператордан сатып алынған жанармай көлемі мен қалдығы онлайн режимінде бақыланады.

Инвестицияға арналған субсидиялар

Инвестицияға арналған субсидиялар жоба паспорттарына сәйкес жаңа өндіріс орындарын құруға немесе жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейтуге, жаңғыртуға, техника және ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуға беріледі. Барлығы 30–ға жуық бағыт субсидияланады. Мысалы, қант өндіретін кәсіпорын құруға салынған инвестицияны субсидиялау үлесі 25%, ал басым ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу немесе жылыжай кешенін салуға және кеңейтуге салынған инвестицияны субсидиялау үлесі 30% құрайды. Мына сілтемеде субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының толық тізбесі берілген.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Агробизнес дамытуға жеңілдікпен несие алған шаруаларға мемлекет несие пайызының бір бөлігін өтей алады. Қағида бойынша ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 7,5% қолданылады, кәсіпкер оның тек 6% төлейді, ал қалғанын мемлекет субсидиялайды. Субсидиялау мерзімі несие мерзімінен аспауы керек.

Мына мақсаттарға берілген несиелерді субсидиялауға болады:

ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтар, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құрал сатып алуға және құрылысқа берілген несиелер (ұн, минералды су және алкогольсіз сусын өндіруге сатып алынған негізгі құралдар бұл тізімге кірмейді);

өндіріс процесінің технологиялық цикліне жұмсалатын айналым қаражатын толықтыру;

көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу.

Фермерлерге ауыл шаруашылығына жеңілдікті несие алу тәртібі

Субсидия алуға өтініш беру

Субсидия алуға барлық өтініштер Gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік жүйесінде беріледі. Субсидияның барлық түрлеріне өтініш беру тәртібі:

Gosagro.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз.

Негізгі бетте субсидиялау категориясын таңдаңыз, мысалы, басым дақылдарды субсидиялау.

Өз аймағыңызды таңдап, «Қызмет алу» батырмасын басыңыз.

Жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде тіркелу формасын таңдаңыз.

Мына өрістерді толтырыңыз — ЖСН/БСН, телефон нөмірі, біздің мысалда кездесетін өріс — ауыспалы егіс жылы, егін дақылы, ЖК немесе ЖШС аты-жөні жазыңыз.

Жер учаскесі туралы мәлімет, банк деректемелері толтырыңыз және қажет құжаттарды (қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісімшарт), шот туралы туралы анықтама, өңдеуші кәсіпорын шығындарының төлем құжаттарын жүктеңіз.

Құжат жасап, ЭЦҚ-ға қол қойып, процедураны аяқтаңыз.

Өтініш екі күн ішінде қарастырылады. Кейін субсидиялауға нәтижелері электронды поштаға және порталдағы жеке кабинетіңізге жіберіледі.

Сайтта күту тізімі бар — фермерлер бюджет бөлінгенше күтіп отырмай, өзі ыңғайына қарай кез келген уақытта өтініш бере алады. Өтініш мақұлданғаннан кейін жүйеге түсіп, төлем кезегін күтеді. Әр қаладағы Ауыл шаруашылығы басқармалары ағымдағы өтінішті қарастырмағанша, келесі өтінішке көше алмайды. Өтініштерді тіркеу және күту тізімі онлайн жарияланған. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенін дамытуға субсидияны бірыңғай субсидиялау жүйесі арқылы онлайн алуға болады. Процедура толығымен автоматтандырылған, сол себепті сыбайлас жемқорлық қаупіне жол берілмейді.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 8 рет