Созақ ауданында «Таза аула» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында аудан көлемінде «Таза аула» акциясы ұйымдастырылып, барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде санитарлық тазалық және көгалдандыру бағытында ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Игі іске мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар белсене қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті.

Жетісайда спорт ардагерлері арасында халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданында спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан талантты бапкер, білікті басшы, Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ құрылғанына 5 жыл толуы мен клуб директоры Таласхан Битуреевтың 50 жас мерей тойына орай кіші футбол мен волейболдан 50 жастан асқан ардагерлер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды. Аудан спортын дамытуға бағытталған айтулы шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс аумағындағы аудан-қалалардан, көршілес Өзбекстан Республикасынан командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында әр команда өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Түркістан облысы: мақтааралдық көлік жүргізушілері қайырымдылық шара ұйымдастырды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жүк көлік жүргізушілері мен такси жүргізушілері бірігіп, ауқымды қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Олар кенттегі орталық мешітте 500 адамға арнап құдайы ас беріп, ел бірлігі мен қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Түркістан облысы: шегірткеге қарсы күрес бойынша 65 секторда жалпы 290 техника мен 74 су тасымалдайтын көлік жұмыс істеуде

Түркістан облысында шегірткеге қарсы бүгінгі күнге дейін 325,09 мың гектар аумақ зерттеліп, оның 86,23 мың гектарында зиянкестің экономикалық зиян шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталды. Қазіргі таңда 65 секторда жалпы 290 техника мен 74 су тасымалдайтын көлік жұмыс істеуде.

«Таза Қазақстан»: Ордабасыда ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту мақсатында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Түркістан қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан облысы: Түлкібаста «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі ұйымдастырылды

Ұлы Жібек жолының бойында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас төрінде қазақ даласының жауһары – Шұбайқызыл қызғалдағына арналған «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – табиғаттың ғажайып сыйын дәріптеп қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтауға үндеу болды.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Ордабасы сапар орталығы» ашылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында тарихи-мәдени туризмді дамытуға серпін беретін маңызды нысан – «Ордабасы сапар орталығы» өз жұмысын бастады. Орталық ауданға қарасты Бадам ауыл округіндегі Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан.

Түркістан облысында волонтерлік қозғалыс белсенді түрде дамып келе жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Бұл бастама волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлін арттыруға, еріктілер қозғалысын қолдауға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Осы орайда Түркістан облысында волонтерлік қозғалысты жандандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.