Super User

Super User

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында тағы бір елді мекен табиғи газбен қамтылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағы табиғи газбен қамтылды. Атап айтқанда, Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар, Бәйтерек және Керуен көшелерінде газдандыру жұмыстары жүргізілді.

Түркістанда кесененің реставрация тарихына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде «Қ.А.Ясауи кесенесінің зерттелуі және реставрация тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар жоғары деңгейде өтті.

Түркістанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары және өзге де өзекті мәселелер талқыланған арнайы штаб отырысы өтті.  Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыс барысында жауапты сала өкілдері баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы есеп берді.

«Қауіпсіз жол»: Шымкентте жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Осы RSS каналға жазылу