Мақтаарал ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртылу үстінде
Мақтаарал ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық аумақтарды дамыту бағытында соңғы алты жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, елді мекендердің инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртылды. 2019-2025 жылдар аралығында ауданға миллиардтаған теңге инвестиция тартылып, жолдар жөнделіп, білім, мәдениет және спорт нысандары жаңартылды. Бұл жұмыстар ауылдардың келбетін түбегейлі өзгертіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.