Түркістан облысы: «Достық керуені» Мақтааралға келді
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауға арналған жиын болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты насихаттауға бағытталған «Достық керуені» тақырыбында жиын болып өтті.