Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында "Egov mobile" жаңа мобильді қосымшасы насихатталды
Мақтаарал ауданында "Egovmobile" жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі мен аудандық ХҚКО бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әкімдіктің дербес бөлімдерінің, кенттер мен ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.