Шымкенттік кәсіпкерлер мерекелік медалмен марапатталды

ҚР Конституция күні мерекесі қарсаңында шымкенттік кәсіпкерлер қуанышқа кенелді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһардағы бірқатар кәсіпкерлерді «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. А.Сәттібаев алдымен жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.