Түркістан: ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау артады

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» мектебінде Түркістан облысы  қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ауылдық жерлердегі  Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және оларды идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне тарту мақсатында дөңгелек үстел өтті.  

Түркістан мен Чжэнчжоу қаласы арасында меморандум жасалды

Түркістан облысына Қытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласынан делегация келді. Түркістан облысынның әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянмен келіссөздер жүргізді.

Сауран ауданы әкімдігінің басшысы қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептік келбетіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқауға болады. Мемлекеттік қызметшінің әдебін қалыптастыруда жергілікті әкімдіктегі әдеп жөніндегі уәкілдердің ықпалы зор. Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Қуандық Құлажанов Үшқайық, Қарашық, Жүйнек ауыл округ әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сауранда әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты.

Сауран ауданы: білім және денсаулық сақтау салалаларының өзекті мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.