Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Өңір басшысы замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғанына тоқталып, жауапты басқарма басшысына тапсырма беріп,  әуежай басшылығына ескертпе мен ұсыныстарын жеткізді. 

Түркістан: тапсырмалар мен өтініштердің орындалу барысы зерделенді

Түркістан облысы әкімдігінде тапсырмалардың орындалуы мен тәртібі жөнінде мәжіліс өтті. Күн тәртібінде құжат айналымы және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының жүзеге асуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жағдайы, орындаушылық тәртібінің жай-күйі, облыс әкімінің халықпен кездесу барысында көтерілген мәселелердің орындалуы барысы талқыланды.

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

Биыл 5 қараша күні Түркістан облысында Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев хабарлады.

Түркістан: Дархан Сатыбалды түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдерімен кездесті

Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен әлеуметтік желі белсенділері келді. Олар Түркістан облысының тарихи және туристік орындарын аралап, Түркістанның туризмін насихаттайды. Аталған топты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, пікір алмасты.

Түркістан облысының жастары президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық танытты

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі түсіндірілген жиын өтті. Оған аудан, қала әкімі аппаратының басшылары, ішкі саясат бөлімдерінің, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшылары, сонымен қатар жасы 35-тен аспаған жастар қатысты. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен жиынды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов жүргізіп отырды. Ол жастарға аталған мүмкіндікті пайдалану маңызды екенін айтты.

Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» жастар форумы өтті

Бүгін Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен форумға құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесі, жергілікті тұрғындар, ұстаздар, студенттер мен оқушылар, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері, жалпы 400-ден аса жас қатысты.

ШЫМКЕНТ:ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғабит Сыздықбеков этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Қала басшысы «Достық» үйі алдындағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көріп, «Бірлік» алаңы мен этномұражай қызметімен танысты.

Қалалық ассамблея маңайына топтасқан этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен жүздескен қала әкімі бүгінде Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отырған құрылымға айналғанын айтты.

– Бүгін өздеріңізбен кездесу үшін арнайы келіп отырмын. Мұндағы мақсат – алдағы уақытта қала аумағында мемлекеттік этносаясатты Сіздермен бірге нәтижелі іске асыру, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған жобаларға Ассамблеяны тарту және қаланы дамыту бағытындағы жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің әлеуетін жұмылдыру. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Ассамблея атқаратын бес басымдықты нақтылап, соның аясында жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Біз өз кезегінде белгіленген міндеттерді сапалы атқаруымыз қажет, – деді қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков.

Кездесуде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова сөз сөйлеп, қала аумағында мемлекеттік этносаясат аясында атқарылатын жұмыстар мен жобалар жайында ұсыныстарын айтты.

Қалалық ассамблея мүшелерінің ой-пікірлерін тыңдаған қала әкімі этнос көшбасшыларын Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды жұмыла атқаруды тапсырды.

Түркістанда президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық жоғары

Облыстық жастар орталығында Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы бойынша жастармен кездесу өтті. Бағдарламаға қызығушылық танытқан жастарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков толық ақпарат берді.