Түркістан облысы: Арыс халқына 100 мың теңге берілді

Жарылыс кезінде зардап шеккен Арыс шаһары тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақы берілді. Аталған қаржыны алу үшін, бұған дейін екі ауылдық елдімекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылған болатын. Қызылорда, Жамбыл облыстары және Шымкенттен «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп, жұмыс жүргізген. 

Түркістан облысы: Келес ауданы орталығының әкімі есеп берді

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында тұрғындармен кездесті. Кездесу мақсаты Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахмановтың 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын халықпен бірге тыңдау және талқылау, халықтың пікірін білу болып табылады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №4 сектордың жұмысы қарқынды

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев Арыс қаласындағы ауданға және Маңғыстау облысына бекітіліп берілген нөмірі №4 секторда болып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Қазір аталған секторда жұмыс қарқынды. Аудан басшысы Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге құрылысы жүріп жатқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Олардың өтініш-тілектерін тыңдады. 

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға оқытып жатыр

Аудан әкімі аппараты тарапынан халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Еgov, Opengov, Е-commerсе бағыттары және Тelegram мессенджерінде «EgovKzBot» көмегімен қызметтерді алу бойынша оқыту жүргізілуде. 

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі ауыл тұрғындарына құлақ түрді

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің басшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық дербес бөлім басшылары және ауылдық округ тұрғындары қатысты. 

Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамы аяқталған

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Арыс қаласының залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ, қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді.

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты, Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Оған аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары және аталған округ тұрғындары қатысты. 

Түркістан облысы: Арыста 6924 үйдің құрылысы бітті

Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7 пайызға жетті. Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.