«Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпараттық туры басталды

Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Басты мақсат - күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Осы орайда, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашев Нұржанның қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанның жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Арыс қаласында 6704 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл ауқымды құрылысқа 184 компания, 7382 құрылысшы және 298 мамандандырылған техника жұмылдырылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Арыс қаласында өткен аппараттық жиында мәлім болды.

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарын Павлодар облысы бірінші болып аяқтады

Өз жұмыстарын Премьер-министрдің алдында таныстарған оларға Асқар Мамин да оң бағасын беріп қайтты. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысы қолға алған құрылыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, панасыз қалғандардың бір бөлігі енді қыркүйек пен қазанда ғана жаңа үйге кіруі мүмкін. 

Үкімет жетекшісі Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс нысандарын тексерді

Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты. Оның өткізу қабілеті тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 600-ге жуық автобусты құрайды. Вокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсететін болады деп күтілуде. Автовокзал облыс орталығындағы көлік ағынын оңтайландыру және экологиялық ахуалды жақсарту үшін салынған. 

Үкімет жетекшісі Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында аудан активінің көшпелі мәжілісі өтті

Бүгін Шұбарсу ауылында аудан әкімі Әліпбек Өсербаевтың қатысуымен аудан активінің көшпелі мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші сөз алған ауыл округ әкімі Ануар Тұрсынбаев 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыс барысын баяндады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласына Мәдениет және спорт вице-министрі келді

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешов арнайы іссапармен Арыс қаласына келді. Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен «Арыс-1» теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысқан Нұрғиса Мұратұлы жергілікті тарихи маңызға ие нысанның сыртқы келбеті мен ішкі әрлеу жұмыстарының тиісті талаптарға сай жүзеге асуын пысықтады.