Түркістан облысы: Төлеби ауданында Жастар жылына орай "Jastar KZ" жобасы іске асырылып жатыр

Елбасы Н.Ә.Назарбевтың жарлығымен 2019 жыл "Жастар жылы" деп белгіленген болатын. Жастар жылында жастарды мәдениеттілікке, рухани адамгершілікке, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, жастардың танымдық қызығушылығы, шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында "Jastar KZ" жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда колледжде жасөспірімдер арасында тәрбие саласын күшейту мақсатында бүгін Төлеби аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сейіт Бекмұрзаев,Түркістан облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжанов,Төлеби ауданының "Аналар кеңесінің" төрайымы Гулбазар Есенова, сондай-ақ колледждің ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Стаценконың қатысуымен кездесу өтті. 

Түркістан: Ө.Шөкеев фракцияда өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауды күшейтетінін айтты

Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және депутаттар қатысты.

Түркістан облысы: Түлкібаста жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылды

Түлкібас ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты форумда ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.

Түркістан облысының әкімі Қазығұрт ауданының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алдымен Қазығұрт ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында «Мемлекеттік рәміздер» және «Рухани жаңғыру» аллеяларының құрылысы екі ай ішінде толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылған.

Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Алпамыс батыр ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков тиісті бөлім және мекеме басшыларының, сондай-ақ «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабековтің қатысуымен Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Шымкент: Қала әкімі Венгрияның бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Блауманн Ференцпен кездесті. Екіжақты жүздесу барысында тараптар Шымкент пен Венгрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.