Түркістан облысы: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы Қазығұрт ауданында

«Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасының туы Сарыағаш ауданынан Қазығұрт ауданына жолданды.

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап шықты. Өңір басшысы алдымен құрылысы жүріп жатқан «Turkistan» индустриалды аймағында болды. Мұнда Польша мен Түркия елдерінің инвесторлық компаниялары құрылыс заттары мен төмен қуатты созба сым өндіру желісін іске қоспақ.

Түркістан бүкіләлемдік ұйымға мүше болды

Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтініміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында еңбек заңнамалары түсіндірілді

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков Мақтаарал ауданында болды. Іс-сапар барысында жергілікті тұрғындарға еңбек заңнамаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жеке қабылдау өткізді. 

Түркістан облысы: Даму бағыты бойынша Кентаудың әлеуеті артпақ

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен сала басшылары мен ауыл әкімдері БАҚ өкілдері алдында атқарылып жатқан салалары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырады. Соның аясында қалаға қарасты Майдантал ауылдық округінің әкімі Сабыр Қалшабекұлы Исмаилов ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және алдағы жоспары жайында баспасөз брифингінде баяндады. 

Түркістан облысы: Мобильді топ Кентаудың Бабайқорған ауылына табан тіреді

«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Бабайқорған ауылдық округіндегіСерт жалпы орта мектебі мен Бабайқорған жалпы орта мектебінде, М.Балақаев жалпы орта мектебі мен Абай жалпы орта мектебінде болды. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында мемлекеттік туға құрмет көрсетілді

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің және «NurOtan» партиясының қолдауымен, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің туым, Менің Отаным!» акциясы өтті.