Түркістан қаласында «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық керекелік іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту.

Түркістанда жарнамалық нысандар біріңғай дизайн-кодқа сәйкестендірілуде

Түркістан қаласының сәулеттік келбетін біріздендіру және қала аумағындағы жарнамалық нысандарды бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүйелі түсіндіру және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, 2003 жылғы «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 18 сәуірде Түркістан қалалық мәслихатының шешімімен қала бойынша бірыңғай дизайн-код бекітілген болатын.

Түркістан: туризм саласында жаңа бастамалар қолға алынбақ

Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады. 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысымен орналастыру орындарында демалғандар саны 151 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7%-ға өскен. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 3,98 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 27%-ға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылдың 10 ай қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 142,7 мың адам саяхаттаса, тарихи орындарға 911,2 мың адам барған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.


Облыс басшысы жауапты тұлғаларға туристер ағынын арттыру, жаңа бастамаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сонымен бірге Өзбекстан сапарындағы кездесулер нәтижесі бойынша жұмыс жүргізуді, тың идеяларды қолға алуды тапсырды. Жиында облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 9 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 57,9 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен.

Биыл ішкі туристер санын 350 мың адамға, шетелдік келуші туристер санын 18 мың адамға жеткізу межеленген. Қазіргі таңда ішкі туристердің жалпы саны 273,7 мың адамды, ал шетелдік туристердің жалпы саны 19,1 мың адамды құрап отыр. Е-qonaq жүйесіне сәйкес осы жылдың 10 айында өңірге 43 802 шетелдік турист келген. Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-10 мемлекет қатарында Өзбекстан, Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Германия, Франция, Тәжікстан, Италия, Индия елдері бар.

Облыстың туристік әлеуетін таныстыру мақсатында жыл басынан бері Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Қытай елдерінің үздік 113 туркомпаниясына ақпараттық тур ұйымдастырылды. Сонымен қатар Түркияның «Albayrak Media Group», «TGRT», «TRT» телеарналарына, Белгияның «Porschist magazine» журналына, Ұлыбританияның «Travel Weekly», «The Telegrap», «The Week», «The Times», «Regent Holidays» және саяхат журнал өкілдеріне және «EuroNews» интернет порталына өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды.

Мәжіліс барысында көршілес елдің тәжірибесін пайдалана отырып, туризмді дамыту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және қалпына келтіру кезінде ЮНЕСКО талаптарын сақтай отырып, жаңа декорациялық тәсілдерді қолдану, заманауи экспозициялық технологияларды пайдалана отырып, тарихи тұлғаларға арналған мұражайлар ашу, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды көрсетуге арналған мультимедиялық және голографиялық материалдар дайындау, Түркістан мұражайларында бейне инсталляциялар мен виртуалды көрмелер ұйымдастыру, ортақ турөнімдер жасау, қонақ үй, гид-экскурсовод және мейрамхана саласы мамандарын даярлау бойынша Халықаралық туризм академиясымен тәжірибе алмасу сияқты бастамалар айтылды.

Осы тұста айта кетсек, Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығында қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін. Жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Болашақта Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады деп күтіліп отыр. Тарихы тереңде жатқан қалашық көпшілікке дәріптеліп, осында табылған ежелгі тұрақтар, жәдігерлер туристер назарына ұсынылады

Қазір ел аумағындағы туризм жайлы сөз қозғағанда бірден Түркістанның ойға оралатыны анық. Себебі, құрылғанына 7 жылдан асқан өңірде дәл осы саланы дамытуға айрықша басымдық берілген. Оның үстіне алдыңғы жылдың соңында тарихы тереңге бойлаған Түркістан шаһары «Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» атанған болатын. Бұл жаңа келбетке ие болған қалаға ғана емес, тарихи-мәдени мұраға бай, табиғаты тұмса тұтас өңірге де ерекше ықпал ететіні белгілі.

Ендігі жердеТүркістанда туризм саласы қалай өркендеп жатыр деген сауалға жауап іздеп көрсек. Осыдан жиырма бесжыл бұрын бір жарым мың жылдық мерейтойын атап өткен көне шаһар бұрыннан ілім-ғылымның, руханият пен мәдениеттің, сауда-саттық пен саяхатшылардың нағыз ордасы болған. Өңірдегі жүздеген тарихи мұраларды айтпаған күннің өзінде, Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі-ақ күллі адамзат үшін баға жетпес жәдігер болып саналады. Дегенмен, Түркістан өңірі бұл деңгейде тоқтап қалмай, күн сайын заман талабына сай өркендеп келе жатыр десек, қателеспейміз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан қаласы былтыр ерекше туристік мәртебеге ие болса, биыл наурыз айында Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осыған сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтап қалу үшін Түркістан қаласының аумағында тарихи нысандарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кесенені қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және оның шекарасынан 100 метр қашықтықта ауқымы, түсі мен құрылыс материалдары бойынша ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға рұқсат етілмейді.

Шаһар аумағында археологиялық ескерткіштердің резерваты құрылады. Қалада жайлы орта құру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағытқа айналады. Бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қаланы қолайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістанның әкімдігі мен мәслихаты қосымша өкілеттікке ие болады. Сол арқылы шешімдерді қабылдау үдерісі жеделдейді, тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бақылау күшейеді және қаланың бірыңғай дизайн коды енгізіледі. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнер шеберлерін қолдауға, көлік транзитін реттеуге және қаланың тарихи бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.

Түркістан қаласында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, туристерге жайлы жағдай жасау арқылы 4 жыл ішінде келушілер саның бір миллион адамға жеткізу көзделген. Ең бастысы – өңірдің туристік деңгейін көтеру, салаға инвестиция тарту, эко-туризмді өркендету және емдеу-сауықтыру саласын ілгерілету бағыттарына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс көлемінде былтыр қырықтан аса іс-шара өткізілді. Жыл басында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс орталығының тағы бір туристік ғимаратпен толығатынын хабарлады. Ол бірнеше қонақүй мен дәмхана және көрме орталығы орналасатын, жиырмадан аса шеберге арнайы шеберхана берілетін қолөнершілер қалашығы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Түркістан мен Әбу-Дәби арасында бағасы қолжетімді әуе рейсі ашылды. Аптасына бірнеше рет қатынайтын бұл рейстің де өңір туризмі мен экономикасына айрықша үлес қосатыны сөзсіз. Тиісінше, туризмді өңірлік деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік ол болмақ. Осы рейс ашылғанда облыс әкімінің орынбасары Түркістанға келушілер саны жылына бір миллион адамға жеткенін, аталған салаға бес жыл ішінде 356 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, облыс орталығында жаңадан қырыққа тарта қонақүй салынғанын атап өткен еді.

Түркістан өңірінде емдеу және сауықтыру туризмі де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге көтерілген. Оның басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқаны да көпшілікке мәлім болар. Енді Сарыағаштың курорттық аумағы одан сайын дами түспек. Бүгінде аталған ауданда жетпістен астам емдеу-сауықтыру орталығы мен алпысқа жуық шипажай халыққа қызмет көрсетіп жатыр екен. Алдағы уақытта осы орталықтарға Түркістандағы туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері жұмысқа тартылмақ. Одан да өзге жұмыстарға басымдық берілетін болады.

Өңірдің туризмін шет мемлекеттерге таныстыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Мысалы, былтыр наурыздың басында Берлин қаласында өтетін дәстүрлі ITB Berlin 2024 көрмесіне түркістандықтар да қатысып қайтты. Делегация құрамындағы белді ұйымдардың өкілдері өңірдің туризмінен хабар беріп, туризм саласының әлеуеті жайлы түсіндірген. Сонымен бірге, Самарқандағы форумға да, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуына да Түркістан облысының өкілдері қатысты. Қазір Түркістан қаласында туризм бағытын ілгерілетіу үшін түрлі бастамалар қолға алынған. Жаңадан салынып жатқан нысандардың келбетіне, идеологиялық мәніне, сапасына қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Соның арқасында сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес, өңірге табан тіреген шетелдік қонақтардың саны едәуір көбейген. 

Алдыңғы жылы облыс көлеміндегі туристік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында 10,6 миллиард теңге бөлініп, жеті жоба аске асырылған. Ал, 2024 жылы бұл бағытқа 17,6 миллиард теңге, қаралып 19 жоба жүзеге асырылды. Алдыңғы жылы облыстағы туризм саласына 53,5 миллиард теңге инвестиция салынып, жиырма бес нысан іске қосылып, 350-ден аса жұмыс орны құрылған. Ал, былтыр құны 20 миллиард теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның жұмысы басталып, 500-ге жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ірі жобалардың қатарында жоғарыда аталған Қ.А.Ясауи кесенесі аумағындағы «Күлтөбе» қалашығы да бар. Облыс орталығында көлемі 11,8 гектарды құрайтын аумаққа аквапарк, вилла бой көтеретін 5 жұлдызды қонақ үй салу да көзделіп отыр. Аталған жобаның құны жүз тоқсан миллион АҚШ доллары. Одан бөлек, ұлттық спортқа қызығушыларды тарту үшін жүз гектарға жуық аумаққа атшабар салынбақ.

Нысандардың инфрақұрылымын жетілдере отырып, жаңа туристік бағыттар ашу жоспарлануда.Ақмешіт үңгірін туристификациялау да маңызды мәселе. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үңгір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда үңгір орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару мәселесі қарастырылуда. Бұдан әрі үңгір айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізіледі. 

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Айта кетсек, Түркістан қаласында туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді. Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді.  Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхат- тауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орын дары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризм ге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады. Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр. 

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Түркістан қаласында «Қамқорлық» орталығы ашылды

Түркістан қаласында менталды бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан – «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Түркістан қаласы мен ANEX Tour компаниясы туристік ынытмақтастық орнатты

Түркістан қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлының қатысуымен ANEX Tour компаниясының Өзбекстандағы бас менеджері Айдын Акиповпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру, халықаралық бағыттағы туристер ағынын көбейту және екі ел арасындағы туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Түрік инвесторлары Түркістан қаласында жалпы құны 10 млн долларлық жобаны жүзеге асырмақ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркия Республикасының «Sensemi» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Түркістан қаласында заманауи газ өлшеуіш, электр өлшеуіш және су өлшеуіш құрылғыларын өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара пікір алмасып, жобаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Түркістан облысы: Келес ауданында жол қауіпсіздігін күшейтетін жаңа қойма салынуда

Келес ауданы аумағында, нақтырақ айтқанда республикалық маңызы бар автожолдың 141 шақырымында орналасқан Қаратөбе елді мекені аумағында «ҚазАвтоЖол» мекемесінің бастамасымен арнайы қойма құрылысы жүргізілуде. Аталған қойма жолдарды күтіп-ұстау және қысқы кезеңде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында құм, тұз және басқа да инертті материалдарды сақтауға арналған. Бұл өз кезегінде ауа райының қолайсыз жағдайларында жолдарға жедел қызмет көрсетуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: Арыс қаласында теміржол саласының үздік мамандары марапатталды

Арыс қаласында темір жол мекемелері мен кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлер арасында «Үздік маман–2025» мерекелік байқауы жоғары деңгейде өтті. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткен тағылымды шара «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы АҚ филиалының – «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» еңбеккерлері аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - теміржол саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, еңбек адамын дәріптеу, қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындығын жетілдіру.

Түркістан: Сауран ауданында «Арақсыз ауыл» бастамасы аясында кеңейтілген жиын өтті

Сауран ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдіктің зиянын түсіндіру және ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету мақсатында «Арақсыз ауыл» бастамасы аясында ауылдық округтердің жеке кәсіпкерлерімен кеңейтілген жиын өтті. Іс-шара аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: бәйдібектік жастар – облыстық премия жеңімпазы атанды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында өткен «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының салтанатты марапаттау кеші жоғары деңгейде өтті.