Түркістанда өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті

Түркістан облысының орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтті. «Түркістан Арена» орталық стадионында чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Александр Чистяков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Түркістан: сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында тұр.

Түркістан облысы: төтенше жағдайдың алдын алу бойынша комиссия отырсы өтті

Түркістан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілген. Дайындық жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында.Таяуда облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезекті комиссия отырыс өтті.

Сарыағаш ауданындағы Қапланбек кеден бекетіне кіреберіс жол кеңейтілмек

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар «А-15 автомобиль жолы – Қапланбек кеден бекетіне кірме жолын» қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, аталған жол 2 жолақтан 4 жолаққа ауыстырылады. Жоспарға сәйкес, жол бойында жарықтандыру шамдары және замануи үлгідегі аялдамалар орнатылып, аяқжол салынбақ.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ең шалғай ауылына газ берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығынан ең шалғай орналасқан Иірсу ауылына газ берілді. Өткен жылдардан өтпелі болып іске асқан газ құбырын тарту жұмыстары биыл толығымен аяқталды. Нәтижесінде 21 шақырымнан астам құбыр тартылып, ауданның ең биік нүктесіндегі елді мекенде орналасқан 26 үй мен 4 мемлекеттік коммуналдық мекемені көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанның экономикалық белсенді халқының саны 83 мыңнан асып, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Баланың тағдырын ата-ананың мінезі белгілейді

Өткенде мынадай бір хабар интернет әлемін дүрліктіріп, көпшіліктің қызу талқысына айналған еді, іс былай болған екен: бір кластағы оқушылардың көбі бір реткі емтиханда 100 нөмір алып, өз ұлының тоқсан сегіз нөмір орындағанына бола анасы сар уайымға салынып, жабығу науқасына шалдығыпты. Хабарда тілімізге тиек болған ананың әр жолғы емтиханда ұлына қойатын өлшемі бастан- ақыр 100 нөмір болып келген, кей кездері шешесінің күткені болмай тоқсан сегіз нөмір алып қалса, байқұс баланы балағаттау мен жазалау күтіп тұратын еді.

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің электр желісін жаңарту керек

Шымкентте көпқабатты 15 үйде газ баллонын тұтынып отырғандарға электр энергиясын пайдалану ұсынылып отыр. Алайда бұл үйлерде электр желісі тозғандықтан, қуаты жетпейді. Қазіргі мәселе желілерді жаңғырту болып тұр. Ол үшін мемелекеттік бағдарламаның тиімді шарттары бар. Мамандар электр желісін толықтай жаңғыртуға қажетті қаржы тетіктерін қарастырып, «мүлік иелері бірлестігін» құруға кеңес береді.