Түркістан облысы: Шардаралықтар 20 тонна қоқыс шығарды
Шардарада қала және ауылдық округтердегі тазалық мәселесi күн тәртiбiнен түспек емес. Қаладағы мыңға жуық азамат қатысқан жаппай сенбілікте 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды.
Шардарада қала және ауылдық округтердегі тазалық мәселесi күн тәртiбiнен түспек емес. Қаладағы мыңға жуық азамат қатысқан жаппай сенбілікте 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды.
Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым бастаған түрлі кәсіподақ ұйымының төрағалары Арыс қаласындағы бұқараның тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрды. Сапар барысында Федерация төрағасы Б.Әбдірайым шаһарға тарту ретінде Арыс қаласының кіре беріс қақпасына қаланың төлқұжатын сипаттайтын құны 30,0 млн. теңгені құрайтын арнайы арка құрылысын жүргізу мақсатында аталған нысанның капсула қою рәсіміне қатысып, іргетасын қалады.
Болат Өтемұратов қоры, Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы мен ForteBank-тің «Көмек картасы» бірлескен жобасының шеңберінде Арыс қаласының 2 мыңға жуық тұрғыны қаржылай көмекке ие болды. Бөлінген ақшаға құрылыс материалдарын сатып алуға, шаруашылық тауарларын түгендеуге және киім-кешекті бүтіндеуге беріліп отыр.
Түркістан облысында жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметке шақыру мақсатында екі күндік «Алтын қор» жастардың кадрлық резервін дайындау шарасы өтуде. Аталған жоба қазіргі таңда дәстүрге айналып, 4 рет ұйымдастырылып отыр.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы Райхан Жасұзақова атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп, қазіргі таңда сүйікті кәсібімен айналысуға мүмкіндік алып отыр.
Туризмнің ошағы саналатын шағалалы ауданның орталығында тазалық жұмыстары мен ауызсу мәселесі оң шешімін тапқан. Бүгінде Шардара қаласындағы 5227 үйдің 94 пайызы құбыр суымен толық қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1983-жылы салынған су торабына үздіксіз жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Шардара қаласында өнімділігі тәулігіне 2 мың текше метрді құрайтын қосымша канализаиялық тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.
Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасу үстінде. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған.