Төлеби ауданында көшелер жарықтандырылып жатыр

Табиғаты көркем Төлеби ауданы мемлекет тарапынан қолдау тауып, көркейіп келеді. Әсіресе, инфрақұрылым мәселесі оң шешімін табуда. Леңгірдегі көше бойына жаңа бағаналар орнатылып, жарықтандырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін аудан бюджетінен қомақты қаржы бөлінген.

Түркістан облысы: Леңгір қаласы жылу маусымына жақсы дайындалған

Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Жылу маусымы басталғалы бұқараның коммуналдық шаруашылық саласының мамандарына айтар алғысы шексіз. Таулы аймақ тұрғындарының жаурамасы үшін қызметкерлердің қам-қарекеті ширақ.

Шардара ауданындағы 5 ауыл жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылады

Түркістан облысындағы ең шалғай орналасқан Шардара ауданында елдімекендерді газдандыру ісі жүйелі жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде орталықтан жырақта жатқан 5 бірдей ауыл жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылмақ. Осылайша шағалалы өңірде Жолдауда айтылған әлеуеметтің әлеуетін көтеру мәселесі оңды шешімін тауып отыр.

Түркістан: Мақтааралда құрылыс қарқын алған

Бүгінде Мақтаарал ауданындағы 69 елдімекеннің 30-ы толықтай көгілдір отынмен қамтылған. Барлық ауыл орталықтандырылған электр жүйесіне қосылған. Бұл жайында Аудандық тұрғын үй – коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ғабит Полатов мәлімдеді. Жиынға «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жетекшілік етті.

Түркістан: жылыту маусымындағы қауіпсіздік төтеншеліктердің назарында

Қыс келіп, жылыту маусымы басталғанда Түркістан облысында келеңсіз оқиғалар тіркеліп жатады. Олар пеш құбырының дұрыс жұмыс істемеуінен орын алатын иісті газдан улану жағдаяттары. Төтенше жағдайлар қызметі осы жәйтке мұқият болуды ескертеді. Себебі салғырттық соңы адам өліміне әкеліп соғады.

Түркістан: мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады

Бүгінде Түркістан облысында 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, бұл облыс халқының 4,7 %-ы, республика бойынша 13,4 %-ы. 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

Түркістан: тұрғындар министрмен тікелей тілдесіп, мәселелерін ортаға салды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындарды қабылдады.