Түркістан: «TurkistanBike» жүйесі іске қосылды

Түркістан қаласында «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры бастаған «TurkistanBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өз жұмысын бастады.

Мақтааралда «Дәстүрлі құндылықтар керуенінің» көшпелі жиыны өтті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын ұйымдастырылды. Тұрғындардың мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру – дәстүрлі құндылықтар керуенінің басты мақсаты.

Түркістан: «Пара- нәсіп болмайды» тақырыбында келелі кездесулер өтті

«Түркістан - адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастамасымен облыстағы барлық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында дін өкілдерінің қатысуымен «Пара- нәсіп болмайды» тақырыбында келелі кездесулер өтті. Жиынның негізгі мақсаты – өскелең жастардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеу және діни тұрғыдан әлеуметтік дерттің зардаптарын түсіндіру.

Түркістан: «Цифрлы сәби» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жас босанған аналар арасында жүргізілген «Цифрлы сәби» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Байқауға бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба жазған 50 ана қатысты.

Түркістанда «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі өтті

Түркістан қаласында «Тайқазанның» 620-жылдығына орай «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. Түркістан облысы туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Тайқазанның 620 жылдығына» орай «Тайқазан» гастрономиялық фестивалінде аспазшылар өз өнерлерін көрсетті.

Түркістанда «Рухани құндылық-ұлт қуаты» атты аймақтық семинар-тренинг өтті

Әрбір салаға өз қызметін ұршықтай иіретін білікті маман керек. Соған сай, жұмыс сапасы да жақсарып, қоғам оң бағытқа өзгеретін болады. Әсіресе, түрлі жат пиғылды ағымдар қаптаған заманда дін қызметкерлерінің аса білімді болуы керек-ақ. Осы мақсатта Түркістанда «Рухани құндылық-ұлт қуаты» атты аймақтық семинар-тренинг өтті.