Биыл сарыағаштық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейтін болады. Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы.





