Түркістан: Елдегі төтенше жағдайға орай уақытша шектеулер енгізілді

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес үшін алдын алу шаралары күшейтілді. Өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелерде өтетін жиналыстарға қатысушылар саны шектеулі болуы шарт әрі олардың басым бөлігі онлайн режимге көшеді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық лездеме отырысында мәлімдеді. 

Созақ ауданында аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік көмек беріле бастады

Түркістан облысының Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға алғашқы кепілді әлеуметтік көмек беріле бастады. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік көмектің жаңа түрі. Аталған көмектің екі түрі бар. Олар - азық-түлік пен гигиена құралдары.

Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр

  

 

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады.Бұл ретте Түркістан облысының әкім Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Түркістан облысындағы барлық кеден бекеттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Әлемді алаңдатқан коронавирустың Түркістан облысы аумағына шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынды, - деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.Осыған орай, шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сарыағаш ауданының әкімі ауылдарды табиғи газбен қамту жұмыстарымен танысты

  

    Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан «Таскескен» автоматтандырылған газ тарату станциясына арнайы барып, табиғи газға қосу үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер толықтай газбен қамтылады

   Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен Яссауи даңғылы №112 тұрғын үйді пилоттық жобаға енгізіп, бүгінгі таңға 44 пәтерге газ жылытқыш қазандықтары орнатылды.       

Түркістандық жастар тіл жанашырларымен кездестті

 Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырумен Жастар ресурстық орталығында "Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әскер Пириев, CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова, "Lingva TEN" тіл орталығының жетекшісі, дәрігер-полиглот Владислав Тен түркістандық өрендермен арнайы кездесті.