Түркістан облысы Бәйдібек ауданында заманауи үлгідегі спорт кешені ашылды

   

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тетігі аясында қыруар тірлік атқарылуда. Сондай игі істі аудандағы құс шаруашылығымен айналысып отырған Біріккен Араб әмірлігінің компаниясы іске асырып отыр. Аталған кәсіпорын өз қаражатына аудан орталығы – Шаян елдімекенінен су жаңа заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысын аяқтап, өткен жылы ел игілігіне тапсырған болатын.     

Түркістан қаласының тұрғыны "Қамқорлық" бағдарламасы бойынша көмек алды

 

Түркістан облысы әкімдігінің «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету тұрақты жүзеге асырылуда. Жоба аясында демеушілер мен қорлар арқылы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып беру, медициналық көмек, жұмысқа орналастыру және өзге де мәселелер бойынша жәрдем көрсетіліп, еңсе тіктеулеріне жағдай жасау көзделген.

Түркістан: Келес ауданында үшем дүниеге келді

  

Келес ауданы Біртілек ауылындағы Қадировтар отбасында үлкен қуаныш орын алды. Қадировтар отбасында үшемдер дүниеге келді. Бұған дейін екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қадирова 1992 жылы туған.

"Түркістандықтар сақтыққа шақырады" экочелленджі басталды

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 коронавирусынан азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай жариялау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықты жүзеге асыру және аты шулы індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында Түркістан облысында да тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.

Түркістанда баға қатаң бақылауда

 

  Түркістан қаласының басшысы Рашид Аюпов Ататүрік көшесі бойындағы қоймалардағы және «Алтын бұлақ», «Игілік», «Қуаныш» базарларының қоймаларындағы халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының мөлшері мен сапасын бақылады. Ондағы ұн, шекер, макарон, картоп, сәбіз сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отыратын болады.

Сайрам ауданында қоғамдық көліктерге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіле бастады

    

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп жариялауына байланысты ҚР бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің 12.03.2020 жылғы N20 Қаулысында санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейтуге пəрмен берілді. Мемлекет басшысы Үндеуінен соң тапсырмалардың орындалуы Түркістан облысы Сайрам ауданында қатаң бақылауға алынды.

Түркістан облысында короновирусқа байланысты арнайы ситуациялық орталық жұмысын бастады

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан облыс аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шараларын қабылдады. Арнайы ситуациялық орталық құрылып, штаб өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.