Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты деп айта аламыз

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия.

Жасанды интеллект - жаңа дәуірдің құралы

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған Жолдауында жасанды интеллект технологиясының ел дамуына тигізер әсерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлемдік үрдістен қалыс қалмай, Қазақстан да жаңа технологияны күнделікті өмір мен экономикаға кеңінен енгізуі қажет екенін айтты.

Созақ ауданы: Раң ата ауылында көпбалалы жанұяға жаңа үй сыйға тартылды

Созақ ауданына қарасты Раң ата елді мекенінің тұрғыны, «Фатима ана» шаруа қожалығының төрағасы Сұлтанбек Шайменов туған ауылында игі іске бастамашы болды. Ол аз қамтылған көпбалалы отбасыға кең әрі жайлы бес бөлмелі жаңа тұрғын үй сыйға тартты.

Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті.

Ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллект: Қазақстан дамуының жаңа бағыты

Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды.

Жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр

Шымкентте жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін баспасөз туры барысында «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтік сметалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды.

Ашық саясаттың жаңа кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін маңызды қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстыққа салмай, халықтың талқылауынан өткізіп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынды. Демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі.

Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.