Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірқатар үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ.Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел шаралар қолға алынды. Жұмыстарға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топ жұмыс атқаруда.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына барып, ахуалды бақылады. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Аталған елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, тиісті қызметтер толық жұмылдырылған. Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат