Кентау: Ащысай ауылында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелердің бірі — сапалы ауыз сумен қамту болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауыл тұрғындары жаңадан жүргізілген су құбыры арқылы таза ауыз суға қол жеткізді.