«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара қаланың барлық аудандарында – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші Қаратау және Тұран аумақтарында өтті.

Кентау қаласында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына арналған келелі жиын өтті

Облыс прокуратурасының бастамасымен Кентау қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтмасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалуына қатысты кеңейтілген кездесу өткізілді.

Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Кентау қаласындағы Шахтастрой көшесі мен Шахтастрой мүйісінде ұзындығы 2,35 шақырымды құрайтын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жолдың негізі дайындалып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Кентау: Ащысай ауылында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелердің бірі — сапалы ауыз сумен қамту болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауыл тұрғындары жаңадан жүргізілген су құбыры арқылы таза ауыз суға қол жеткізді.

Шымкентте инженерлік және жол құрылысы жұмыстарының қарқыны күшейтілді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында Тұран ауданындағы Айқап шағынауданында салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылыс барысымен танысты. Әкім тұрғын үйлерді су бұру жүйесіне уақытылы қосу және жол жабындысын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Мердігер ұйымға жұмыстың қарқынын арттырып, инженерлік желілердің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

66 мыңнан астам шымкенттік қатысқан жоба

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, “Кітап оқитын ұлт” жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі – Ақан Сәбитұлы Бесбаев төмендегідей мәлімдеме жасады.