Ордабасы ауданында алюминий профильдерін өндіретін зауыт ашылды

Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауыты ашылды. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй зауыттың лентасын қиып, арнайы батырманы басу арқылы нысанды іске қосты. Облыс әкімі көпшілікті жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.

Шымкент: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы өтті

Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық  шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Бейбітшілік пен бірлік - ұлт пен мемлекет тұрақтылығының мызғымас негізі

Бейбітшілік пен бірлік – кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен өркендеуінің басты шарты. Бұл құндылықтар болмаса, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени саладағы жетістіктер де баянды болмайды. Қазақстан үшін бейбітшілік пен қоғамдық келісім – тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеген, ұлттық идеяға айналған стратегиялық ұстаным.

Түркістан қаласы: «Turan» арнайы экономикалық аймағы жаңа жобаларға серпін береді

Түркістан өңірінде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға ерекше басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағының маңызы аса зор. Аталған аймақтың түйткілді мәселелері бойынша арнайы мәжіліс өтіп, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

ГАЗДЫҢ ШЫҒУ ҚАУПІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты. Елдімекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.

Зертхана жүйелері

60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды. 

Жер асты газ шығу қаупін контактсыз диагностикалайды. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

 Айта кету керек газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерін дамытып,  қауіпсіздік шараларын қамтуда маңызды қадам болып табылады.

ҚАРАБАСТАУ ШАҒЫН АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау шағын ауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды іске қосуға қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.

 Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын  шағынаудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.

 «Газдандыру — бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам», — дей келе қала басшысы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

 Газға қосылу тұрмыстық жағдайды едәуір жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.