ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында цифрландыру үдерісі қарқынды жүзеге асырылып жатыр. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» бағытында «Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіші 2022 жылы 46%-ды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 85%-ға дейін жетіп отыр. Бұл – әкімдіктің жүйелі жұмыстарының нәтижесі.

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕГЕН МЕНШІК ИЕСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғынның арызы негізінде «Royal Plaza» ойын-сауық орталығында орнатылған лифтілердің және эскалаторлардың қауіпсіздігіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді.

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ

Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен баспасөз жиынында кеңінен баяндалды. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын киелі шаһардағы көрерменнің назарына ұсынбақ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

1-9 мамыр аралығында Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан және Алматы мен Қонаев қалаларынан 70 үздік спортшы қатысты. Олар «Финн», «470», «Луч», «Луч-2», «Луч-радиал», «Луч-мини», «Лазер», «Оптимист», «Кадет» сайыстарында бақ сынасты.

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖЕҢІС РУХЫ ЖАҢҒЫРЫП, ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Арыс қалалық орталық стадионында «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі!» тақырыбымен салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала қонақтары қатысты.

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАРМЕН СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Өзбекстан Республикасынан келген «Samarkand irrigation system» ЖШС директоры Санжар Абиловпен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар Түркістан өңірінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Инвесторлар Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркінде жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін кәсіпорын ашуға ниетті.

СОЗАҚТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақтар, ішкі көшелер мен ауыл маңындағы сай-салалар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болды.

2025 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ БАЙҚАЛДЫ

Түркістан облысында биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 2-орынға шықты.