Шымкентте "Абай әлемі" республикалық байқауының финалы өтті

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді.  Осы орайда Ұлы ақын, философ, ойшыл және реформатор Абай Құнанбайұлының туған күні елімізде ауқымды іс шаралар өтті. Бұл мерейтой тек ресми іс-шара ғана емес, ұлттық мәдениетке, рухани тамырға және қазақ зияткерлік дәстүріне терең бойлайтын маңызды күнге айналды.

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

10 тамыз – хакім Абайдың туған күні. Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанына 180 жыл толды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға.

Ордабасы ауданында алюминий профильдерін өндіретін зауыт ашылды

Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауыты ашылды. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй зауыттың лентасын қиып, арнайы батырманы басу арқылы нысанды іске қосты. Облыс әкімі көпшілікті жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.

Шымкент: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы өтті

Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық  шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Бейбітшілік пен бірлік - ұлт пен мемлекет тұрақтылығының мызғымас негізі

Бейбітшілік пен бірлік – кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен өркендеуінің басты шарты. Бұл құндылықтар болмаса, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени саладағы жетістіктер де баянды болмайды. Қазақстан үшін бейбітшілік пен қоғамдық келісім – тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеген, ұлттық идеяға айналған стратегиялық ұстаным.

Түркістан қаласы: «Turan» арнайы экономикалық аймағы жаңа жобаларға серпін береді

Түркістан өңірінде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға ерекше басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағының маңызы аса зор. Аталған аймақтың түйткілді мәселелері бойынша арнайы мәжіліс өтіп, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.