Аудан орталығындағы Темірлан–Шымкент жолының бойында орналасқан, жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын, толықтай қоршалған жер телімі арнайы көгалдандыру алаңы ретінде дайындалған болатын.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен аудандық сенбілік ұйымдастырылып, әкімдік пен дербес бөлімдердің қызметкерлері, мекеме ұжымдары мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, аталған алаңға 1350 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл игі бастама — аудан көлемінде экологиялық мәдениетті арттыруға, жасыл желекті аймақтарды көбейтуге және табиғатты қорғау шараларын жандандыруға бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат