Сәрсенбі, 01 Қазан 2025 16:07

Созақ ауданының әкімі жол құрылысы жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылындағы ішкі көшелерге төселіп жатқан асфальт жабындысының сапасымен танысты.

Қазіргі уақытта аудан орталығындағы тозығы жеткен бірқатар көшелер кезең-кезеңімен жаңартылып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуда.

Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бағамдап, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесті. Жауапты мамандарға жол төсеу жұмыстарының сапасын қатаң қадағалау және белгіленген мерзімде толық аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 26 рет