Алдымен «Шолаққорған-су» МКК-на қарасты орталық қазандықтағы жөндеу жұмыстарымен танысып, жылу жүйесіне жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу мен техникалық тексеру нәтижелерін қадағалады. Қазіргі таңда анықталған осал тұстар ретке келтірілуде.
Қазандық ішіндегі сорғылар мен сұйық отын айдайтын жүйе жаңартылып, сұйық отынмен жанатын және бу қазандықтары алмастырылуда. Сапар барысында аудан басшысы сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Дайындық жұмыстарын сапалы атқаруды ескертті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат