Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов пен аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев арнайы қатысты. Қоныс иелерін жаңа баспанамен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Қоныс иесіне сый-сыяпат табыс етіп, Сұлтанбек Шайыздарұлына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ Түркістан облысы бас имамының міндетін атқарушы Тілеуов Өсімхан игі бастаманың елдік мәнін атап өтіп, ақ батасын берді.
Ауыл ақсақалдары да сөз алып, қайырымды іске мұрындық болған азаматқа шынайы алғыстарын айтты.Жаңа үй толықтай заманауи талаптарға сай салынған. Бес бөлмелі баспанада су және жылу жүйелері жүргізілген. Қоршалған аумағы 25 соттықты құрап, қосалқы шаруашылықты дамытуға қолайлы жағдай жасалған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат