Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025 12:54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі - ортақ мақсат"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.

Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.

Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президент Жолдауында. 

 

Заман ағымынан қалыс қалмау,  қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі –  ортақ мақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет.

Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету -  Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосу өте  маңызды.

Оқылды 182 рет