Super User

Super User

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында Шәуілдірде екі бірдей жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында Шәуілдір ауылындағы аудандық мәдениет сарайында отырарлық шығармашыл тұлғалардың көшін жалғап келе жатқан есімі елге танымал суретші, ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлының «Отырар романтизмі» және «Тамшы» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Отырар ауданының 90 жылдығы», «Ш.Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл» аясындағы іс-шараларға дайындық қызу жүргізілуде

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Қарақоңыр ауыл округінде халықпен кездесіп, есеп берді. Аудан басшысы өткен жылы іске асқан жобалар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Соның ішінде қазақ халқының маңдайына біткен белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың балалық шағы өткен Шәмші ауылында биыл ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. «Отырар ауданының 90 жылдығы», «Ш.Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл» аясындағы іс-шараларға дайындық жұмыстары басталып та кеткен.

Ордабасы: Азат Оралбаев аудан орталығындағы нысандарды аралап, бірақатар тапсырмалар берді

Алғашқы кезекте Темірландағы арнайы көпқабатты тұрғын үйлер салуға бөлінген 70 га аумақтағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердегі құрылыс барысын қадағалады. Бұл нысанда қазіргі уақытта инвестор компания «Барс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 2 қабатты 2 үйдің (32 пәтер) қабырғасы қалануда.

Осы RSS каналға жазылу