Қоғамдық тәртіп пен білім саласындағы жаңа өзгерістер

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік ортадағы тәртіпті нығайту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Биылғы жылдың 12 шілдесінен бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға енгізілген толықтырулар күшіне енді. Жаңа нормаға сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады. Бұл талап діни сенім бостандығын шектеу емес, қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған. Тыйым тек бетті толықтай жауып тұратын балаклава, никаб, маска және бет-әлпетті тануға мүмкіндік бермейтін өзге де киім түрлеріне қатысты. Мұндай өзгеріс бейнебақылау арқылы азаматтардың жеке басын дер кезінде анықтауға жағдай жасайды және қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында білім беру саласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл 17 білім нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде жаңа ғимараттар мен мектептер, оқушылар сарайлары және жатақханалар бар. Ақпан айында Тұран шағын ауданында 500 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы бес нысанның құрылысы аяқталмақ: №19 және №50 мектептерге қосымша ғимараттар, Тельмандағы 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп және Сайрам колледжінің жатақханасы. Ал №16 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.

Бұдан бөлек, қаладағы он білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда тоғыз мектептің жұмысы толық аяқталып, жаңа оқу жылына дайын тұр. Ал «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» жөндеу жұмыстары қыркүйек айында бітіреді деп күтілуде.

Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар қоғамдағы тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті арттыруға және білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бұл өзгерістер азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына да кең мүмкіндік ашады.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді

Отырар ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша Отырар ауданы білім бөлімі, бастауыш пен орта білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы Жамбыл атындағы лицей-мектебінде өткізілді.

Түркістан облысында заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты тоқтатылды

Өңірде пайдалы қазбаларды өндіретін 198 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 74-і келісімшарт ал 124-і лицензия негізінде жұмыс істейді. Жауапты басқарма мен құзырлы органдар тарапынан заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушы анықталып, жұмысы тоқтатылды. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі экологияға жауапты құзырлы орган басшыларына, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшысына заңсыздықтарды жоюды тапсырды.

Шардара су қоймасында 20-дан астам құқық бұзушы анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы аясында "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, жергілікті полиция қызметі және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен құралған арнайы мобильдік топ құрылды.

Шымкент: Сот шешімдерінің орындалу сапасы күшейтілуде

2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласы Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды істерге бастамашы болды. Бұл ретте, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар істерге бақылауды күшейту басты назарда тұр.

Шымкентте құқықтық мәдениет жаңа деңгейге көтерілді

Шымкент қаласында заңгерлік қызметтің жаңа дәуірі басталды. Қала тұрғындары бүгінде құқықтық көмекке бұрынғыдан да оңай әрі тиімді жолмен қол жеткізіп отыр. Әділет департаментінің бастамасымен енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық дауларды жылдам шешуге ықпал етуде.