Түркістан облысы: Қазығұртта «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жайдарман ойыны өтті

Қазығұрт аудандық прокуратурасының, аудандық білім бөлімінің және жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Жастар – әлемді өзгертетін күш» атты жайдарман ойыны жоғары деңгейде өтті.

Түркістанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыға түсті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының штаб отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертай Алтаев ашып, жүргізді. Отырыс барысында балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыру, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету және тәуекел тобындағы отбасылармен жұмысты жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы қатаң бақылауға алынған

Түркістан облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 75-і келісімшарт негізінде, ал 146-сы лицензия негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрғағалығымен өткен жиында айтылды. Сонымен қатар өңірдегі заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және анықталған «қызыл нүктелер» жайы талқыланды.

Түркістан облысына өңірлерден шақырылғандар сарбаздар келді

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонына Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан жас толықтыру командалары келіп жетті. Бүгінгі таңда бөлім қатары шамамен 120 шақырылушымен толықты. Жақын арада олардың қатарына Жамбыл облысынан тағы 55 жас сарбаз қосылады деп күтілуде.

Түркістанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары және өзге де өзекті мәселелер талқыланған арнайы штаб отырысы өтті.  Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыс барысында жауапты сала өкілдері баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы есеп берді.

«Қауіпсіз жол»: Шымкентте жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Созақ ауданында пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеуге қатысты жиын өтті

Созақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және оларды қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне қатысты жиын өтті. Басқосу аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Туршеков, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Түркістан қаласы: қоғамдық тәртіп пен «Шарапсыз қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар күшейтілуде

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте «Шарапсыз қала – киелі Түркістан!» бастамасы аясында қала аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз алкоголь айналымының алдын алу және криминогендік ахуалды төмендету мәселелері қаралды.