Ордабасы ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2025 жылдың 06 қараша күні Ордабасы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен Ордабасы аудандық «Мансап орталығының» қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық орталық аурухананың басшысы Райымбек Тасырбаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева өз салаларында атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы шаралар туралы баяндады.

Созақ ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Созақ ауданында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шараны аудан прокуратурасы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі сапалы кеңес беру және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту.

Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды

Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты.

Шымкент: Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

Өткен аптада Шымкент қаласы бойынша тергеу органдарының өндірісінде барлығы 179 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-і сотқа жолданды. Тіркелген істердің басым бөлігі алаяқтық (59 іс), ұрлық (41 іс), есірткінің заңсыз айналымы (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты (10 іс) деректерден тұрады. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек осы туралы айтты.

Созақ ауданы: «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыға түсті

Созақ ауданының орталығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау мақсатында мәжіліс өтті. Алқалы жиынға Созақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар қатысты.