Жыл басынан бері 67 мыңнан астам шымкенттік құжаттанған

Жеке куәлікті ауыстыру мерзімін өткізіп алмаңыз  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді.

Шымкент: мониторинг жұмыстары күшейтілуде

Апта басынан бері карантин шектеулерін кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары басталды. Бірқатар қаржы ұйымдары мен сауда және қызмет көрсету саласындағы нысандар өз жұмысын бастады. Бірақ, тосқауылдар алынғаны мен талаптар қатаң. Шымкент қалалықТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері мониторинг жұмыстарын күшейтуде.

Мақтаарал: Тасқын су алған ауылдарда тәртіп сақшыларыда тәулік бойы қызмет атқаруда

Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай тұсында полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарып, қалтқысыз қызметімен көрінді. Қазірде тәртіп сақшылары әлі де ауыл көшелерін аралап, ұрлықтың алдын алу, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының полицейлері мақтааралдықтарға құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде

Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мақтааралға көмек жеткізушілерге блок бекеттерде қысым жасалып жатыр» - жалған ақпарат

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты көмек келіп жатыр. Бірақ "көмек жеткізушілерге блок бекеттерде қысым жасалып жатыр" деген мазмұнда әлеуметтік желілерге таралған ақпарат жалған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы хабарлайды.

Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қалалық полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралы жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлайды.